Қостанайда сауда үйінің әйелдер әжетханасында қыздарға сығалаған ер адам 20 тәулікке қамалды
Сот Қостанай тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамауға алу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қостанай облысының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін азамат А.-ға қатысты істі қарады.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 28 мамырда Қостанай қаласындағы "Наурыз" сауда ойын-сауық орталығының әйелдер дәретханасында болған азамат А мас күйінде келушілерді жасырын бақылап отырды", – делінген сот хабарламасында.
Ер адам кінәні мойындады. Сот қаулысымен ол 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған