Қостанай облысындағы көлде жарты тонна балық қырылып қалды
Қостанай облысындағы Коровье көлінде жарты тонна балық қырылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Балықтардың қырылуы Заречное ауылының маңында болды. Балықшылар инспекцияға 577 келі мөңке балығының қырылғанын хабарлады.
"Балықтардың өлу фактісі расталды. Балықтың бір түрі мөңке. Өлген балықтарды кейін кәдеге жарату арқылы жинау жұмыстары ұйымдастырылды. Қатты аяз бен судың аздығынан су қоймалары 30-40 сантиметрдей мұз қатып қалады. Нәтижесінде балықтар қырылған", – деді "Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" басқармасының басшысы Серік Бейімбаев.
Қазір су қоймасының маңында қатты иіс бар.
Балықты әлі күнге дейін инспекция мамандары ұстап, жинап жатыр. Өлі балықтар ауыл маңында орналасқан жағаға лақтырылады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жазда су қоймасы мал суаратын орын ретінде пайдаланылады.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”