Ақмола облысында балықшылар көлден мина тапты
Ақмола облысында балықшылар көлден мина тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақмола облысы бойынша полиция департаменті мәлімдеді.
"23 наурызда Көкшетау полициясына балықшылардан Қопа көлінде ТМ-62 минасының табылғаны туралы ақпарат келіп түсті", - делінген хабарламада.
Мамандар табылған снарядтың жарылғыштығын тексерді. Деректерге сай мина оқу-жаттығуға арналған болып шықты.
Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында зейнеткер әйелдің үйінен оқ-дәрі қоймасы табылған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”