Қостанай облысында санитарлық рейсті орындаған ұшақ биіктікті жоғалтып, су қоймасына құлады
Қостанай облысында Арқалық-Ақсұңқар бағыты бойынша санитарлық рейсті орындаған Ан-2 ұшағы ұшу кезінде биіктікті басқара алмай, күрт төмендеуіне байланысты су арнасына құлауға мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Tobol info
Көлік министрлігінің мәліметінше, оқиға 3 сәуір күні сағат 16:10-да болған.
“Әуе кемесінің бортында 2 экипаж мүшесі және 3 қызметтік жолаушы болған. Барлық жолаушы мен экипаж мүшесі Қостанай облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментімен Арқалық қалалық ауруханасына жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.
Ведомство қазір оқиғаның нақты себептері анықталып, тексеріліп жатқанын мәлімдеді.
Еске салсақ, елімізде мұндай жағдай Қарағанды облысында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы апатқа ұшырағанда болған еді. Өкінішке қарай, апаттан екі адам қаза тапқан еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі