Ұшқыш қаза тапты: "Гендер-патиде" шағын ұшақ апатқа ұшырады (видео)
Мексикада баланың жынысын анықтауға арналған кеште шағын ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Milenio газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе апаты Мексиканың Синалоа штатындағы Наволато қаласына жақын маңда болған.
Ұшақ әйелдің ұл немесе қыз бала босанатынын көрсетуі тиіс болған. Ол мерекелік кеш өткізілетін жерге көтерілгенде, қызғылт түтін шашып өтті. Осылайша ұшақ ерлі-зайыптылардың қызды болатынын көрсетіп, көп ұзамай жерге қарай құлдилап, апатқа ұшырады.
Оқиға туралы куәгерлер құтқару қызметіне дереу хабарлаған. Құтқарушылар апат орнына бірнеше минут ішінде жетті. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, ұшқышты аман алып қала алмады.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан