Қостанай облысында лауазымды тұлға салынған амбулаторияны тексеріссіз пайдалануға беру үшін 9 миллион пара алған
Қостанай облысында дәрігерлік амбулаториялар салуды жүзеге асыратын компанияның бас инженерінен пара алған лауазымды тұлға ұсталды. Ол амбулаторияны пайдалануға беру құжатына тексерместен қол қойғаны үшін 9 миллион теңге сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуде.
“Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау жолымен орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салуды жүзеге асыратын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды. Тергеу әрекеттері барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды”, – делінген хабарламада.
Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% тең. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"