Қостанай облысында блок-бекеттерді қайтадан орнатып жатыр
Қостанай облысындағы тас жолда блок-бекеттерді орнатып жатыр. Куәгерлер суреттер мен видеоларды "Алау" редакциясына жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрларда бетон плиталар мен вагонның Қостанай-Рудный тас жолына қалай жеткізілгені көрсетілген.
"Тағы да не болып жатыр? Әкімдік машинасы бар. Блок-бекеттерді қойып жатыр. Тағы да бұрынғыдай жалғасуда", - дейді кадр сыртында ер адам.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 18 маусымда Қостанай облысының жедел штабының отырысы өтеді.
Бұған дейін мемлекет басшысы үкімет коронавирусқа қарсы жаңа шаралар жариялайтынын мәлімдеген еді.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық