Ертең үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды жариялайды - Қазақстан президенті
Ертең үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан к/вирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, Үкіметтің бақылауында. Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды", - делінген хабарламада.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіде таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды