Қостанай облысында аю тістеп алған қыз жасанды комада жатыр
Аюдың тосын мінезінен зардап шеккен қыз жасанды комада жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, қыздың жағдайына байланысты дәрігерлер кеңейтілген кеңес өткізген.
"Кеңейтілген кеңес тамыр хирургтарының және бейнебайланыс арқылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс травматологы Болат Нағимановтың қатысуымен жүргізілді. Қосымша емдеу жолдары ұсынылды. Қыз жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдетумен жасанды комада жатыр", – деп хабарлады басқарма.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында қызды аю тістеп алғаны хабарланған болатын.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр