Қостанай облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Қостанай облысының Қостанай ауданында полицейлер жоғалған 17 жастағы Арузат Құрманғалиеваны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Наша Газета" басылымына сілтеме жасап.

"2020 жылдың 4 қазанында аудандық полиция бөліміне Заречный кентінің тұрғынынан қызы Құрманғалиева Арузат Әзірханқызының 2003 жылы 30 қыркүйекте үйден кетіп, әлі оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жасөспірімнің үстінде сұр күрте, көк джинсы, спорттық аяқ киім болған.
Кәмелетке толмаған қыздың қайда екенін білетіндер полицияға " 102" нөмірі бойынша қоңырау шала алады.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған