Көше саудагеріне 25 мың теңге тастап кеткен Қайрат Нұртас сынға қалды
Желіде Қайрат Нұртастың мешіт алдында көже ішкен видеосы тарады. Әнші саудагерге 25 мың теңге ұстатып, он адамға тегін көже беруді сұраған. Қайраттың бұл әрекеті желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Егде жастағы әйел әншінің сөзіне келісіммен жауап береді. Ал желі қолданушылары әншінің әрекетін қызу талқыға салды. Бір топ оқырман әншінің жомарттығын айтып, оған алғыс білдірсе, ендігі топ қайырымды ісін видеоға түсіріп, жария еткен Қайратты сынға алды.
- "Кеш болады, өкініп қаласың, деді": Заңғар Нұртас отбасын құруға ағасы Қайраттың итермелегенін айтты
"Оң қолың бергенді сол қолың білмей керек", "Сонда не пайда тегін берсе, әшейін берсе де болады ғой", "250 мың тастағандай видеоға түсіріп", "Не үшін видеоға түсіреді? Мақтану үшін бе?", "Миллионер адамға 25 мың не тұрады?", "Соны видеоға түсірмей-ақ беруге болмай ма екен", "Әйтеуір көзбояушылық", – деп жазды желі қолданушылары.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”