"Халық жек көріп кетпесе екен": Жігер Ауыпбаев елден жасырған құпиясын ашты
"Халық жек көріп кетпесе екен!" Кино әлеміне аяқ басқан әнші Жігер Ауыпбаев елге өтінішін жеткізді. Ол көрермендер көгілдір экрандағы образын шынайы өмірдегі Жігермен шатастырып алмаса екен деген тілекте, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жігер Ауыпбаев отандық "Бақыттың кілті" телехикаясына түсті. Аталған картинадағы серігі – Ақбота Нұр-Сейтмағамбет. Айтуынша, ол кадрда жағымсыз кейіпкерді сомдайды. Өзін алғаш рет актер ретінде сынап көрген Жігер көрермендерге өтінішін білдірді.
- "Кеш болады, өкініп қаласың, деді": Заңғар Нұртас отбасын құруға ағасы Қайраттың итермелегенін айтты
"Халық жек көріп кетпесе екен. Жағымсыз кейіпкерді сомдаймын. Ол да керек болды. Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарымның бірі.
Еліміздің басты арналарының бірінен көрсетілетін телехикая болғандықтан, оған шақырту алудың өзі мен үшін үлкен мәртебе болды. Сондықтан берілген рөлге ешқандай қарсылық танытпай, келісе кеттім", – деді ол "Қазақстан" Ұлттық арнасының "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"