Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қос ұстазына өлең арнаған Мейрамбек Бесбаев ақындық қабілетімен таңғалдырды (видео)

Мейрамбек Бесбаев биіктен көрінуіне себепкер болған қос ұстазына арнап өлең жазды. Тыңдармандар Мейрамбекті жаңа қырынан танығандарын айтып таңырқауда, деп жазады Stan.kz.

Қазақ халқының сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев ең алғаш сахнаға 7-сыныпта оқып жүрген кезінде “Бозторғай” әнімен шыққан. Сол шақта жетім баланың көңіліндегі мұңды жүрекпен жеткізген жас баланың даусына ел тәнті болды. Тіпті, ән мен әншінің шынайылығына сенгені соншалық, ел арасында Мейрамбекті “жетім” деп ойлағандар болды.

Нағыз шәкірт ұстазының еңбегін ешқашан ұмытпайды! Иә, Мейрамбек Бесбаевтың өзін “көкке самғатқан” қос ағасына айтар алғысы шексіз. Күні кеше ол “Бозторғайдың” авторлары – композитор Алтынбек Қоразбаев пен ақын Әбдірахман Асылбекке деген ризалышығын өлеңмен өрнектеді:

Өнерді өміріме дос қылғалы,
Биік тұр көкелермен көштің мәні.
Самғатқан “Бозторғаймен” көкке мені,
Әрдайым арқа тұтам қос тұлғаны.

Кім білмес, Әбдіраxман Асылбекті,
Ақын ғой арда туған асыл текті.
Алтынбек көкем жазған әндерді айтып,
Жас күнім жақсылардың қасында өтті.

Екеуің екі шыңдай ерексіздер,
Жасымнан ерттіңіздер елеп сіздер!
Бір Алла сіздерге ұзақ ғұмыр берсін,
Қашанда қазағыма керексіздер!

Жіберіп алмаңыз:

Әкесі Димашты қытай қызына “үйлендіріп қойғандарды” жауапқа тартуды талап етті

Дастан Оразбеков әріптесімен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты

Алтынай Жорабаева: Ажырасамын деп күйеуге тиген жоқпын

Баян Мақсатқызы экс-күйеуінің қаталдығы туралы бар шындықты айтты

Талқылау