Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көршілері иіске шағымданған": Семейде тұрғынның пәтерінен үш КамАЗ қоқыс шығарылды

Семейде әйелдің пәтерініен үш КамАз қоқыс шықты
Фото: Семей полиция департаменті

Семейде тұрғын пәтерін қоқыс үйіндісіне айналдырған. Қоқыстың толып кеткені сонша көршілері иіске шағымданып, соңында пәтерден үш КамАЗ қалдық шығарылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйдегі қауіпті қоқыс үйіндісі антисанитариялық жағдайға әкелген. Кейін көршілер шағымданғасын полиция қызметкерлері коммуналдық қызмет өкілдерімен және еріктілермен бірлесіп, қоқысты шығаруға көмектескен. 

“Тексеруге тұрғындардың жағымсыз иіс, антисанитариялық жағдай және өрт шығу қаупіне байланысты түскен көптеген шағымы себеп болды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері пәтерде ұзақ уақыт бойы қоқыс пен қажетсіз заттардың жиналып қалғанын анықтады.

Жүргізілген жұмыстар барысында пәтерден шамамен үш КамАЗ қоқыс шығарылды. Қоқысқа толы тұрғын үй тек пәтер иесі үшін ғана емес, бүкіл үй тұрғындары үшін де үлкен қауіп төндірген. Қоқыстың көптігінен өрт шығу, инфекция таралу және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылу қаупі болған”, – деді ведомство.

Полиция қызметкерлері пәтер тұрғыны әйел адаммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған қажет әлеуметтік көмек ұсынған. Ведомство сантиралық талаптарды ұстануға шақырды. 

Stan.kz
Жұма, 22 Мамыр, 2026 10:23