Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көршілер кінәлі": Алматыда ескі үйлерде тұратын тұрғындар ереуілге шықты

Алматыда тозығы жеткен үйде тұратын тұрғындар бас көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айтуларынша реновация бағдарламасы бойынша баспаналары апатты деп танылғанымен, жаңа пәтерлерге қоныс аудара алмай отыр. Оған өзге көршілері кедергі. Яғни 10 отбасы мердігер компания ұсынған пәтерге көңілдері толмайды екен. Сол себепті ескі үйлерін бұзып тастауға қарсы. Ал қираудың аз-ақ алдында тұрған баспананың сүрілуі үшін барлық тұрғынның кесілімі қажет.

Ескі үйлердің бой көтергеніне 70 жылға жуықтапты. Реновация бағдарламасы бойынша былтыр апатты деп танылған. Сүрілуге кететінін естіген тұрғындардың көбісі содан бері жаңа баспанаға қоныс аударуға асық.

“Міне қабырғалар сөгітіліп, құлап жатыр. Тарақандардың көзін жыл сайын әзер құртамын. Бірақ көп уақыт өтпей қайта шығып алады. Не жарық жоқ. Жалғанған сымдардың барлығы күйіп кеткелі қашан. Баяғының адамдары ұқсап кешкісін шам жағып отырамыз. Ал қабырғаны қанша қалап, ақтағаныммен бір ай өтпестен барлығы түсіп қалады. Кейбір көршімде тіпті тарақан тұрмақ тышқандар мен көртышқандар жүгіріп жүреді. Бұл дегеніміз сұмдық қой”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Екатерина Герасименко. 

Мұндағы тұрғындардың көбі тозығы жеткен үйлерінен тездетіп құтылғылары келеді. Өйткені пәтерлері сыз тартып, қабырғалары көгерген. Не жылу, не кәріз жүйесі жоқ. Бірақ 5 үйде тұратын 160 адамның оны көшуге қарсы. Соның салдарынан әзірге тұрғындар барлығымыз тырп ете алмай отырмыз деп қынжылады.

“Өте керемет үй берейін деп тұр. Бірақ, кедергі болып тұрғаны, мына шетте 10 адам келіспей тұр. Досаевтің указы бойынша, 100 процент келісім болу керек. 100 процент келіспесе, біз үйсіз қалып қалуымыз мүмкін. Барлығы үй салып алған, сарай салып алған. Сосын тағы да не, үйлерінің есік алдыларын қоршап алған вот соның барлығын как сол бергісі келми жатыр үйлерін. Мен жаңа үйге көшкім келеді”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Эльмира Сабырбаева.

Қираудың аз-ақ алдында тұрған үйлерді сүріп тастауға көпшіліктің келісімі бар. Айтуларынша қарсы болып жатқан көршілері көшіп қана қоймай, қалталарын қампайтып қалмақшы деп ашулы.

“Менің естуімше олар әр шаршыға 750 мың теңгеден бастап миллионға дейін ақша сұрап отыр. Қазірдің өзінде ескі пәтерлерінің әр шаршысын миллион 300 мыңға дейін белгілері бар. Егер мердігер сондай ақша төлесе, қарсылықтары жоқ деген қауесет тарауда. Немесе оларға үйді Медеу ауданынан, ӘльФараби көшесінің бойынан берілу керек екен баспана”, – деді Алматы қаласының тұрғыны Сергей Репетунов.

Ал мердігер компания тұрғындардың тек қана рұқсатын күтіп отыр. Шешім шықса көшіруге дайын. Ол үшін Түрксіб ауданынан пәтерлерге жақын жерден 5 тұрғын үй кешенін де салып қойыпты.

“Ол кісілердің ұсыныстары бойынша, сатып алам десеңдер 1 квадрат метрімізді миллионнан или миллион бір жүзден сатып алыңдар дейді. Болмаса бізге Медеу ауданынан пәтер алып беріңіз деп айтады. Ол кішкене дұрыс емес деп ойлаймын да, любой адамда қанағат деген болуы керек. Екі бөлмелі пәтерді 1 квадратта 600 мың теңгеден сатып аламыз. 3 бөлмелі пәтерді 550 мыңнан сатып аламыз. То есть рыночный бағадан жоғарылау аламыз. Біз осы үйлерді 2 этаж үйлерді каркастан салынып жатқан, бес этажды үй, кірпіштен салынып жатқан үймен бағалаймыз осы ауданның”, – дейді мердігер компанияның өкілі Мұса Мұсаев.

Талқылау