Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоршауда қалған Ерке Есмахан күзет шақыртуға мәжбүр болды (видео)

“Қайда?” әні жарыққа шыққалы Ерке Есмаханға тыным жоқ. Әншінің жер-жерді аралап, концерт беруден қолы босамайды, деп жазады Stan.kz.

Жуырда Ерке Тараз қаласында концерт беріп, ыңғайсыз жағдайға тап болды.

Халық лық толы стадионда Еркемен суретке түскісі келген тыңдармандар әдепсіздік танытты. Олар Еркені қоршауға алып, қолынан әрі-бері тартып, оның ән айтуына кедергі келтірген. Бұл ретте қашан да тыныштықты қадағалап жүретін тәртіп сақшылары әншіге көмекке келді.

Бір қызығы, көйлегі жыртыла жаздаса да, Ерке тыңдармандарына ренжімегенін жеткізді.

“Тараз xалқы, аман болыңыздар! Өркендеп, өсіп жасай беріңіздер! Өздеріңіз қалың киініп келіпсіздер, мені де құшақтап-сүйіп, тоңдырмай, еркелетіп шығарып салдыңыздар! Жақсы көрем, жақсы жандар! Келесі кездескенше!” – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.


Жіберіп алмаңыз: 

«Өзімді өлтіремін»: Тыңдарман бетін кері қайтарған Жігерге қоқан-лоққы көрсеткен

Елді алдаған Дәурен мен Ақбота Мысырда демалып жатыр

Танымал нумеролог Димаштың қашан үйленетінін айтты

Төреғали Төреәлі қанша баланың әкесі екенін айтты

Талқылау