AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың "йота" нұсқасы ауыр салдарға әкелмейді – ДДҰ

Америка Құрама Штаттарынан алынған алдын ала мәліметтер коронавирустың "йота" нұсқасы аурудың ауыр түріне әкелмейтінін көрсетеді, деп жазады ДДҰ төтенше аурулар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхове, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Нью-Йорктен алынған алдын ала мәліметтер бұл нұсқа ауыр ауруға әкелмейтінін және инфекцияның өршуін тудырмайтынын көрсетеді", – деді ол сәрсенбіде өткен брифингте.

Йота нұсқасы алғаш рет АҚШ-та өткен жылдың қарашасында анықталған және осы жылдың наурызында ерекше назар аударған нұсқа ретінде анықталғанын да айта өтті.

ДДҰ-да аталған нұсқаның 28 мыңға жуық толық геномдық тізбегі бар, олардың 27 мыңнан астамы АҚШ-қа тиесілі.

Сарапшының айтуынша, қазір АҚШ-та "йота" нұсқасымен жұқтыру жағдайлары азайып жатыр, керісінше "дельтаның" басымдығы әлі де артып келеді.

Бұған дейін АҚШ ғалымдары коронавирустың "йота" штаммына зерттеу жүргізіп, оның өлім қаупін 46-дан 82%-ға арттыратынын анықтаған.

Мамандардың айтуынша, штамм бұрын инфекцияға шалдыққандардың 0-10% иммунитетін жеңе алады.

Бұған дейін, ресейлік дәрігерлер коронавирустың жаңа штаммы табылғанын жариялаған болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр