Коронавирустың "мю" штаммының антиденелерге төзімді екені анықталды
АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері Энтони Фаучи коронавирустың “мю” штаммы антиденелерге төзімді екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бұл вирустың мутациясы кейбір антиденелерге төзімді келеді”, – дейді сарапшы.
Десек те, Фаучидің сөзінше, коронавирустың “мю” штаммы “дельта” штаммы секілді айтарлықтай қауіп төндіріп тұрған жоқ.
Қазіргі таңда ғалымдар жаңа вирус мутациясын бақылауға алған.
Айта кетсек, бұл штамм ең алғаш 2021 жылдың қаңтарында Колумбияда анықталған. Қазіргі таңда “мю” штаммы 40 мемлекетте таралған. ТМД аумағында вирус әлі тіркелген жоқ.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған