Қазақстанда азық-түлік бағасы төмендеді
Үкімет отырысы барысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев азық-түлік өнімдеріне қатысты баяндама жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк төрағасы азық-түлік бағасының арзандауы байқалғанын айтты. Сонымен қатар, қажетті өнімдердің бағасы бірқалыпқа түсті.
"Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі ағымдағы жылғы тамызда 10,9%-тен 10,8%-ке дейін аздап баяулады. Ет және сүт өнімдері, жұмыртқа бағасының өсу қарқынының баяулауы байқалды", - дейді Досаев.
Досаев бағаның жылдық өсіміне тоқталды. Азық-түліктен басқа өнімдердің бағасына жылдық өсу сол қалпында сақталған.
"Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсуі 5,5% деңгейінде сақталды, ақылы қызметтерге бағаның жылдық өсуі ағымдағы жылғы тамызда 3,4%-тен ағымдағы жылы қыркүйекте 3,6%-ке дейін электр энергиясына және білім беру қызметтеріне тарифтердің өсуі аясында жеделдетілді", - дейді Досаев.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"