Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын сынамалар неліктен қымбат?

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook парақшасы арқылы тікелей эфирде ПТР тестілеу бағасы неге қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Біз коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған сынамалардыі бағасын талқыладық. ПТР сынамасы қымбат әдіс екенін түсіну керек. Мысалы, 10 доллар - бұл тесттің өзінің бағасы. Сонымен қатар, рибонуклеин қышқылын бөлуге арналған жинақ бар, оның бағасы 3 доллар, сізге түтікшелер, тампонмен зонд сатып алу керек. Зертхана таза бөлмеде жабдықталуы керек, үлгіні алдын-ала тексеруге арналған арнайы жабдықтар бар.

ПТР зертханасының өзі өте күрделі. Онда жұмыс істейтін қызметкерлерінде қауіптің төртінші деңгейі бар. Олар да тәуекелге барады. Олар маска, арнайы көзілдірік, қорғаныс костюмдерін кию керек. Инфекцияның үлкен қаупі бар. Сондықтан бұл тест арзан емес», - деп түсіндірді Берік Шәріп.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде сынама жасай бастаған компаниялар бар. Қазір бұл сынамалардың дәлдігі туралы мәселе пысықталуда.

«ПТР сынамалары тек зертханада жасалады. Вирусқа антиденелердің болуын көрсететін жедел сынамалар бар. Бізге Ұлыбританиядан сынама 19 долларға ұсынылды, 5-7 долларға ұсынылған сынамалар болды. Бірақ мұнда нәтиженің дәлдігі маңызды. Вирустың ағзада бірінші рет тексергеннен анықталмаған кездері болды. Тек бірнеше тексеруден кейін инфекция анықталып жатты», - деді спикер.

Сондай-ақ, «СК-Фармация» басшысы карантинге уақытында дәрі-дәрмектерді қалай сатып алатындығы туралы әңгімеледі.

«Бізде көптеген келісім-шарттар бар. 1400 тауарлар бірыңғай дистрибьютор ретінде берілген. Коронавирустық инфекцияны емдеу үшін сатып алған дәрілердің негізгі үлесі бірдей. Біз тек келісім-шартты кеңейттік. Дәрілермен проблемалар туындамайды. Маска, қолғап жеткізуді қамтамасыз еттік. Қазір жеке қорғаныс құралдарын сатып алу үшін қосымша резерв жасалады. Осыған байланысты біз сыртқы істер министрлігімен жағдайды пысықтайтын боламыз. Қазір айтарлықтай көлемде гуманитарлық көмек алдық. Сонымен қатар, сынамалар, маскалар, қорғаныс киімдерінің өндірісін құру туралы мәселе туындап отыр», - деп қорытындылады Берік Шәріп.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр