Вакцина алғандар өлімге алып келетін ауруға шалдығатыны рас па? Сарапшылар түсіндірді
Әлеуметтік желіде неміс ғалымдары вакцинацияланған адамдардың қанында "руло эффектісі" болатынын анықтағаны туралы хабарлама тарады, бұл адамның ауру екендігін көрсетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Эритроциттер топтарының ағзада пайда болуының нақты себептері әлі белгісіз. Сондай-ақ ғалымдар рулоның тромбтардың қалыптасуында қандай рөл атқаратыны туралы ортақ пікірге келген жоқ.
Эритроциттер агрегациясы COVID-19 қарсы вакцинациямен байланысты емес және бұл аурудан иммундауға арналған препараттарды ойлап тапқанға дейін белгілі болған.
КВИ-ге қарсы егілген барлық адамдарда эритроциттер агрегациясы тіркелетіні туралы сенімді ақпарат жоқ.
Демек, вакцинацияланған адамдар өлімге әкелетін аурулардан зардап шегеді деген пікірлер фейк болып табылады. Біріншіден, эритроциттер агрегациясы қайтымды процесс, екіншіден, рулоның неге пайда болатындығы туралы ортақ пікір жоқ, үшіншіден, олардың вакцинацияланған адамдардың қанында болатыны дәлелденбеген және вакциналардан туындаған емделмейтін аурулардың дәлелі бола алмайды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр