Коронавирусқа шалдыққан жүкті әйел сау нәрестені дүниеге әкелді
Қытайлық коронавирусты жұқтырған Харбин қаласының әйел тұрғыны өмірге сау нәресте алып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, азаматшаның жүктілігінің 38-аптасында аурудың салдарынан жағдайы нашарлап кеткен. Сол себепті дәрігерлер кесарь тілігі арқылы оны шұғыл түрде әйелді босандырып алған. Дүниеге келген қыз баланың салмағы 3,05 килограммды құраған. Мамандар бірнеше сараптаманың нәтижесі баланың дені сау екендігін көрсеткенін айтып отыр.
Қазіргі уақытта анасы мен баласының жағдайлары жақсы әрі тұрақты деп бағаланып отыр.
Еске салайық, бүгінгі күні әлемнің бірнеше еліне тарап үлгерген жұқпалы ауру 425 адамның өмірін жалмаған.
Бүгінгі күні Тайланд дәрігерлері коронавирусқа қарсы препарат жасап шығарыпты. Сөздерінше, бұл препарат бірнеше дәрінің қоспасы екен.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар