Коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін қай уақытта жүктілікті жоспарлауға болады?
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін әйелдердің жүктілікті қашан жоспарлай алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Бүгінгі таңда екі компонентті "Спутник V" вакцинациясын егу жүргізіліп жатыр. Вакцина алғаннан кейін 1,5-2 ай өткеннен соң, иммунитет толығымен қалыптасқанда, жүктілікті жоспарласаңыз болады", - деп жауап берді Ахметова брифингте журналистің сұрағына.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін де қажетті санитарлық шараларды сақтауды еске салды. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, ал ұжымдық иммунитет әлі қалыптаспаған. Осы себептерге байланысты маскаларды міндетті түрде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және қол гигиенасы ұсынылады.
26 сәуірден бастап қазақстандықтарға отандық QazVac вакцинасы салынады
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы
Ата-ана: "Балабақша қалдырмайды, даярлық сынып қабылдамайды"
"Топыраққа көміп, үстіне хлор төккен": Алматы облысында көз жұмған жігіттің жақындары оның өлімінің мән-жайын айтты
Марқұмның қазасы оның жақындары мен достарына ауыр соққы болған