Коронавирусқа қарсы төрт рет вакцина алған Pfizer басшысы COVID-19 жұқтырды
Pfizer-BioNTech коронавирустық вакцинасының төрт дозасын алған Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен коронавирусқа тапсырған сынамамоң нәтиже көрсеткенін хабарлаймын. Мен Pfizer-BioNTech вакцинасының төрт дозасын алғаныма қуаныштымын, өзімді жақсы сезінемін, соның өзінде аурудың жеңіл белгілері бар", – деді Бурла Twitter-де.
Ол өзін-өзі оқшаулағанын, Paxlovid препаратымен емделіп жатқанын және жақын арада сауығып кететініне сенімді екенін атап өтті.
Қытайлық ғалымдар 6G желісінің қауіпі туралы айтты
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнің COVID-19-ға қарсы дәл осындай препаратпен емделгені хабарланған болатын.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, эпидемия басталғаннан бері АҚШ-та 92 миллионнан астам коронавирус инфекциясы және бір миллионнан астам адам қайтыс болды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді