Қазақстанда коронавирусқа байланысты кинотеатрлар жұмысын тоқтатады
Сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлар коронавирустың таралу қауіпіне байланысты жабылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
"Сауда орталықтары мен базарлар жұмыстарын жалғастырады. Мемлекет тұрғындардың азық-түлікпен қамтамасыз ету керек. Ойын-сауық орталықтарында орналасқан кинотеатрлар жұмыстарын тоқтатады. Бұл тоқтамға келу қиын болды. Сіздер фильмдер бір сағаттан ұзақ көрсетілетінін білесіздер. Ал бір жерде көптеген адамдардың жиналуы дұрыс емес. Сол себепті біз осындай шешімге келіп отырмыз", - деді Тоғжанов.
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы коронавирус пандемиясына қатысты пікір білдірген еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі