Коронавирусқа аз шалдығатын адамдар категориясы белгілі болды
Аллергиясы бар адамдар коронавирусқа аз шалдығады. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, ФИЦ тамақтану және биотехнология клиникасының аллергология бөлімінің меңгерушісі Вера Ревякина мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аллергиясы бар науқастар коронавирустық инфекциядан аз зардап шегеді, өйткені оларда рецепторлық аппарат бар, сондықтан олар жаңа коронавирустық инфекцияға сезімтал емес", - дейді Вера Ревякина.
Жақында танымал иммунолог Алла Рыжих аллергиямен ауыратын адамдар Е иммуноглобулинінің көп болуына байланысты вирустық және онкологиялық ауруларға жиі шалдықпайтынын айтқан.
Алайда көптеген ғалым бұл көзқарасты сынға алады. Олар аллергиясы бар науқастар антиденелерді тезірек шығарса да, оларды коронавирустан қорғамайды дейді.
Ғалымдар осы уақытқа дейін тағы бір зерттеу нәтижесі туралы айтқан; коронавирустық инфекция астматиктерде жеңіл өтеді. Бұл бронх демікпесі бар адамдардың денесінің ерекшеліктеріне байланысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі