Коронавирус жұқтыруға ықпал ететін ауа райы белгілі болды
Қытай ғалымдары COVID-19 коронавирусын жұқтырудың жартысынан көбі ауа температурасы 5-15 Цельсия градусы тіркелген жерлерде болғанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеушілер 21 қаңтар мен 6 мамыр аралығында әлемнің 185 елінде коронавирус расталған 3,75 миллион жағдай туралы мәліметтерді талдады. 60 пайызға жуығы ауа температурасы нөлден жоғары, бірақ Цельсия бойынша 20 градустан төмен жерлерде тіркелгенін анықтады. Сонымен қатар, COVID-19-дың 73,8 пайызы абсолютті ылғалдылық мөлшері текше метріне 3-10 грамм болатын аймақтарда шоғырланған.
Зерттеу нәтижелері коронавирус көбінесе қалыпты ендіктерде таралатынын және қоршаған ортадағы, оның ішінде беттердегі вирустық бөлшектердің шоғырлануы айтарлықтай ұлғаятын оңтайлы ауа райы жағдайлары бар екенін көрсетті.
Ғалымдар коронавирустың өршуі 2020 жылдың күзінде ірі қалаларда қайталануы мүмкін екенін ескертті.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”