Дәрігерлер: Ұйқысыздық коронавирус жұқтыру қаупін арттырады
Коронавируспен ауырған науқастарда неврологиялық асқынулар пайда болуы мүмкін. Дәрігерлер аурудың мұндай белгілеріне жіті назар аудару қажеттілігін айтып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтсақ, коронавирустан кейін адамда орталық жүйке жүйесінде проблемалар туындайды. Ұйқысы нашарлап, бұлшықеттерге зақым келеді. Ақ халаттылар коронавирус жұқтырған кезде инсульт алу мүмкіндігі көбірек екенін дәлелдеп отыр.
Сондай-ақ дәрігерлер коронавирус жұқтыру қаупін 250 пайызға арттыратын факторды атады. Ол – ұйқының жеткіліксіздігі. Яғни, ұйқысыздық адамның иммундық жүйесіне кері әсер етеді екен. Сол себепті, мамандар 5 сағаттан аз ұйықтамауға кеңес береді. Ал ұйқының сапасын жақсарту үшін бір уақытта тұрып және бір уақытта ұйқыға жатуды әдетке айналдырған абзал.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”