Коронавирус тараған Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме? Дәрігер жауап берді
Танымал дәрігер-педиатр Евгений Комаровский жаңа коронавирус түрі тараған Қытайдан сәлемдеме алу қаншалықты қауіпті екенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біріншіден, вирус сүтқоректінің денесінен тыс екі тәуліктен артық өмір сүре алады деген шындыққа жанаса бермейді. Екіншіден, оны заттар арқылы жұқтыру қаупі өте төмен», - деп жазды Комаровский.
Яғни дәрігер «Қытайдан сәлемдеме ала беруге болады!» деп жауап қайырды.
Естеріңізге сала кетсек, соңғы рет бұл вирустан 54 адамның көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"