Соңғы жаңалықтар

Коронавирус науқастардың ақыл-ой қабілеттеріне әсер ететіні анықталды

COVID-19-дан айыққандар неврологиялық проблемаларға және ақыл-ой қабілетінің нашарлауына тап болды. Мұны Лондон Императорлық колледжінің ағылшын және америкалық нейрофизиологтар анықтады. Ғылыми жұмыстың нәтижелері medRxiv порталында жарияланды.

Коронавирусты әртүрлі формада еңсерген 84 мыңнан астам британдық мамандар Great British Intelligence Test-ін қолдана отырып, есте сақтау қабілеті мен танымдық дағдыларына сынақтан өткізді. Жасы, жынысы, білім деңгейі, қызмет саласы, созылмалы аурулары ескерілді. Алынған мәліметтер инфекцияның адамдардың мәтінді және сөздердің мағынасын түсінуіне, мәселелерді шешуіне кері әсер еткенін көрсетті. Бұл ретте сандарды, кеңістіктіктң есте сақтау қабілетінің және эмоцияны қабылдаудың айтарлықтай нашарлауы анықталмады.

COVID-19-дың ауыр түрімен ауыратын науқастар сауыққаннан кейін басқа жұқтырғандарға қарағанда анағұрлым ауыр психикалық проблемаларды байқады.

"Біздің талдауымыз коронавирустың танымдық функцияларға әсер етуі мүмкін деген болжамды дәлелдейді, оның тапшылығы айыққаннан кейін де сақталады", - деді зерттеу жетекшісі Адам Хэмпшир.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр