Коронавирус кезінде ішуге қауіпті дәрілер белгілі болды

Коронавирус кезінде қабынуға қарсы препараттарды қабылдау жағдайды ушықтыруы мүмкін. Бұл туралы өзінің Twitter-іне Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веран жазды.

коронавирус

Оның айтуынша, ибупрофен мен кортизон аурудың барысын қиындатуы мүмкін. Дене қызуын түсіру үшін министр парацетамол қабылдауға кеңес берді.

«Егер сіз қабынуға қарсы препараттарды қабылдап жүрген болсаңыз немесе күмәндансаңыз, дәрігермен кеңескен жөн», - дейді ол.

14 наурызда Еуропа Парламентінің Президенті Дэвид Сассоли Еуропадағы COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты дағдарысқа былай деп баға берді:

«Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері Еуропа мұндай дағдарысты бастан кешірмеген», - деді Сассоли.

Ол ЕО коронавируспен күресу және пандемияның экономикалық салдарларына қарсы тұру бойынша бірқатар шаралар қабылданғанын атап өтті. Оның пікірінше, бір де бір еуропалық үкімет бұл мәселені өз бетінше шеше алмайтын еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирустық инфекцияның 155 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Вирусты жұқтырғандар саны бойынша алғашқы ондыққа Еуропаның бес елі кіреді: Италия, Испания, Германия, Франция және ЕО-ға кірмейтін Швейцария.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнуар Нұрпейісов Қазақстанға оралды

Актер шетелде немен айналысқанын айтты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 600-ден асты

Ауру жұқтырған тағы 20 адам тіркелді

Дәрігерлер коронавирусқа шалдыққандардың бойында байқалатын аурудың қосалқы белгілерін атады

Аурудың бұл белгілері де қауіпті болуы мүмкін

Коронавирус жұқтырғанын естіген дәрігер өзіне қол жұмсады

Қазіргі таңда оның жарының да коронавирус жұқтырғаны анықталыпты

Өскеменде оқшауланған үйдің тұрғындарына алкоголь жеткізуден бас тартылды

Өскемендегі Потанин көшесіндегі карантинге жабылған үйлердің бірінің тұрғындары полицияның қызметіне наразы

"Коронавирус өтірік әңгіме" деп мәлімдеген Нұрлан Еспанов өз сөзін түсіндіріп берді

Әнші: Досым үйіне 5 қант ұн алып қойыпты

Серік Ахметов Гүлшара Әбдіқалықованың орынбасары болды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ата-анасы ұл балаға коронавирустың құрметіне есім берді

Ерлі-зайыптылар бұл есімнің өзгеше әрі мықты энергетикаға ие екеніне сенеді

ШҚО-да бөлімшесін өз еркімен тастап кеткен сарбаз ұсталды

Әскери бөлімінің қарапайым әскери қызметкері әскери атыс полигонында қызмет етіп жатқан жерінен өз еркімен кетіп қалған

"Голос країни" шоуында өнер көрсеткен алматылық таксист әділқазыларды тағы да таңғалдырды (видео)

Монатик: Жеңіске жеткізетін орындау болды
Çàãðóçêà...