Қордайдың Масаншы ауылында жаппай төбелес орын алды (видео)
Жамбыл облысы Масаншы ауылында жергілікті тұрғындар арасында топтық төбелес болды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі аймақтың полиция департаментіне сілтеп.
"Полицияның араласуымен қақтығыс тоқтатылды, жағдай бақылауда", - делінген ведомство хабарламасында. Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 293 бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталуда.
Тағы оқыңыз
- Жамбыл облысында болған оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты
- Масанчиде болған оқиға салдарынан 30 үй қирады
Аталған бап бойынша кінәлілерге екі жыл бас бостандығынан айыру немесе ірі айыппұл қаупі төніп тұр. Құқық қорғау органдары тек ресми ақпаратқа сенуге және сыбыстар мен жалған хабарламаларды таратпауға шақырды. Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.
Естеріңізге сала кетейік, Қордай ауылында екі тәртіп бұзушы полицейлерге қарсылық көрсетіп, оларға дене жарақатын келтіргені туралы айтқан едік.