Қордайдағы қақтығыста қаза болғандардың саны өсті
Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бірнеше адам ауруханада жатыр, кейбіреуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жамбыл ауданы Қордай ауданындағы оқиға салдарынан қаза болғандардың саны 11-ге жетті. "Барлығы 11 адам көз жұмды, екеуі бүгін түнде ауруханада қайтыс болды, біреуінің кім екені анықталған жоқ", - дейді Сортөбе штаб өкілдері.
Бұған дейін 8 адам қаза болғаны туралы хабарланған еді.
Тағы оқыңыз
- Сарапшылар Қазақстандағы ұлтаралық қақтығыстардың себебін айтты
- Мұғалімдер, имамдар шығып, әкім келді: Масанчидегі оқиғаның мән-жайы
7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне "Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр" деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді