Көпшілік Астанада 6 баласын жалғыз асырап жүрген әкеге үй салып, ішін жиһазға толтырып берді (фото,видео)
Астана маңындағы Қояндыда тұратын Мұхит Батаев есімді көпбалалы әке 5 жылдан бері отбасын жалғыз асырап келеді. Ол құрлыс компанияларының бірінде дәнекерлеуші болып істейді.
Маңдай терімен тапқан ақысына 6 баланың тамағы мен киімін бүтіндеп жүрген әке өз күшімен баспана салуды қолға алған. Кіші ұлы өткен жылы миқұрт (менингит) ауруымен ауырып, есіту қабілетінен айырылыпты.
Осы мәселесін әріптестеріне айтқаны сол екен, олар бірігіп Мұхит Батаевтың ұлының емі мен уақытша пайдаланатын құрылғысының ақысын тауып беріпті,-деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
«Намазхан жігіттер менің мәселемді әлеуметтік желіде жариялапты. Негізі ыңғайсыздау болды. Жұрттың осыншалықты барлық затымды түгендеп бергеніне ұялып та отырмын. Мен көмекті баламның дерті асқынып кеткендіктен сұраған болатынмын.
Қазір құжаттарын жинап жатырмын. Отаға кезекке тұратын боламыз. Бастаған үйімнің құрлысына көмектескен, баламның еміне қол ұшын созған, 6 баламның тамағы мен киімін, үйге қажетті дүниемізді толтырып берген жомарт жандарға алғысым шексіз.»,-дейді 6 баланың әкесі.
6 баланың анасы бес жыл бұрын жол көлік оқиғасында қайтыс болыпты.
«Туған жерім Тараз. Барлық отбасымызбен бір көлікте кележатқанбыз. Жол апатында біз мінген көлік үш аунап түсті. Балаларымның барлығы аман қалды. Тек сүйікті жарымнан айырылып қалдық»,-дейді Мұхит Батаев.
6 баланың жағдайына немқұрайлы қарамай жұртты жұмыла көмектесуге шақырған- Эльмира Ешниязова есімді ана. Оның өзі 2 баласын әкесіз тәрбиелеп келеді. Тағдырласы іспеттес Мұхит Батаевтың жағдайын көргенде қол қусырып отыра алмағанын айтады.
«Мен әйел ретінде 2 баланы жалғыз жеткізіп жатқандықтан мұндай тұрмыстық қиындықтарды жақсы білемін. Қыздар бой жетіп, ұлдар ер жетіп кележатқан кез. Олар өскен сайын қажеттілік артады.
Ал ер адамның балаларын жалғыз қарап қалуы қазіргі кезде ерлікпен тең. Біз Мұхит ағаның өзімен, балаларымен танысып, расымен де көмекке мұқтаж екеніне көз жеткіздік. Міне осыдан кейін желіден парақша ашып, жұртты көмек қолын созуға шақырдым»,-дейді Эльмира Ешниязова.
Қайырымды жандардың арқасында кіші бауырлары ем алып, үйлерінің құрлысы бітіп, іші жиһаз бен қажетті техникаға толған балалардың қуанышында шек жоқ.
Оқи отырыңыз:
Ақбота: Дəуренді алғашқы отбасына өзім жібердім
Кітабының тұсауын кескен Баян Мақсатқызы шымкенттіктерді шулатты (фото, видео)
Салтанат Бақаева алғаш рет туған бауырлары мен анасының суретін көрсетті (фото)
Әлемдегі ең бай әртістердің тізімі жасалды (фото)