Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпбалалы отбасынан шыққан талапкерлер қай күннен бастап оқуға құжат тапсыра алады

Көпбалалы отбасынан шыққан талапкерлердің құжаттары 10 тамызға дейін қабылданады. Байқау нәтижелері 25 тамызда жарияланады.

Көрнекі сурет

5-10 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында көп балалы отбасылардан талапкерлер мен АӘК алушыларға арналған 165 қосымша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар тапсырады, деп хабарлайды елордалық білім департаментінің сайты.

Білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін елорданың бес жоғары оқу орнының бірінің қабылдау комиссиясына құжаттар тапсыру қажет:

  • Еуразия гуманитарлық институты (мамандықтар - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»);
  • Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (мамандығы - «Ақпараттық технологиялар»);
  • Астана IT Университеті (мамандығы - «Ақпараттық технологиялар»);
  • «Астана» халықаралық университеті (мамандықтар - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Ақпараттық технологиялар»);
  • Алматы Менеджмент Университеті («Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы.

ЖОО-ға келесі құжаттар ұсынылуы керек:

  • белгіленген үлгідегі өтініш;
  • білімі туралы анықтама (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқа);
  • ҰБТ сертификаты (2019 жылдың маусым айы үшін);
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • көп балалы отбасылардың балаларының және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың мәртебесін растайтын құжаттар.

Осы мамандықтар бойынша елордалық бес жоғары оқу орындарына грантқа тек Нұр-Сұлтанның түлектері өтініш бере алады.

Маусым айында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет көпбалалы отбасылардың балалары мен АӘК алушылар үшін қосымша 5000 грант беретіндігін мәлімдеді.

«Бұл білім гранты жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Негізгі шарт - ҰБТ тапсырған және оның нәтижелері бойынша ұлттық университеттерге 65 баллдан кем емес, педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша - 60 баллдан кем емес, өзге университеттерге - 50 баллдан кем емес балл жинау керек. Гранттар ҰБТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады», - деді министр.

Білім беру гранты иегерлеріне 20 949 теңге мөлшерінде шәкіртақы қарастырылған. Асхат Аймағамбетов қосымша гранттар алуға өтініштер мен құжаттар бір уақытта бүкіл республика бойынша 5-10 тамызға дейін қабылданады деп атап өтті.

БҒМ: 3 мың грант оқуға түсе алмай қалғандар үшін қайта бөлінеді
Талқылау