"Көп адам жаман пікірлер жазады": Жарты беті күйіп қалған Әсел Сүлейменова эфирде жылап қалды
Әлеуметтік желі жұлдызы, 15 жастағы Әсел Сүлейменова 7 айлығында бетін пешке күйдіріп алған. Бетіндегі тыртықты кетіру үшін төрт рет ота жасатыпты, соңғы отадан кейін бет-әлпеті біршама қалпына келген. Қазір ол өзін қабылдауды үйренуде.
Бұл туралы SanTaram бағдарламасында айтылды.
Әсел әлеуметтік желіде өте белсенді әрі еш қымсынбай TikTok түсіреді. Биыл мектеп бітіретін Әсел нумерологке болашақ мамандығына қатысты сұрақтар қойды.
Нумерлог маман Әселге журналистік салада, ақпарат саласында жетістікке жететінін айтты. Оның бойынан шешендік өнер барын байқады.
“Сенің бойыңда бір қасиет бар. Көпшілсің. Идеяларың керемет. Батыл қызсың. Өзіңді қабылдаған жансың. Көпшілік алдына шығудың өзі өнер. Сондықтан ақпарат саласында жақсы табысқа жете аласың. Көпшілікпен контент жүргізе аласың. Журналистиканың болашағы бар. Ол міндетті түрді журналист болуды білдірмейді. Желіде өз арнаңды ашуға болады”, – деді нумеролог.
- Ол өзіне сенімді бола бастады: Визажист беті күйіп қалған Әселге көмектескенін айтты
- 7 айлығында пешке құлап кеткен: 13 жастағы қазақстандық қыз жарты бетінен ұялып жүр
Ал психолог Серікгүл Сәли қыздың бойында бір уайым барын байқады.
“Мен өзім желіге шығып жүрдім. Ешкімнің кеңесі болған жоқ. Солай оқырман жинала бастады. Сосын мені бағдарламаға шақырды. Солай көпшіліктің көзіне түстім. Бірақ бастапқыда көп адам жаман пікір жазатын. Бұны көңіліме алдым. Бірақ адам Алланың сынағын қабылдау керек. Мен де солай деп қабылдаймын. Мен секілді жандарға сондай кеңес айтар едім”, – деді бойжеткен.
“Кез келген адам ондай сыннан өтеді. Адамдардың ауыр сөздері, пікірі, сыны айтылады. Ол саған күш беру керек. Естіген сайын сен одан әрі күшею керексің. Сынба. Ертең оның бәрі ұмыт болады. Сен өз жасыңнан ересексің”, – деді маман.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
