Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ол өзіне сенімді бола бастады: Визажист беті күйіп қалған Әселге көмектескенін айтты

Визажист жарты беті күйіп қалған Әсел Сүлейменоваға әдемі макияж жасап берді. Әселдің өзі де алдағы уақытта визажист болуды жоспарлап отыр. 

7 айлығында пешке бетін күйдіріп алған қыз Әсел Сүлейменова бүгінде 13 жаста. Анасы қызының бетіне ота жасату үшін көпшіліктен көмек сұраған еді. Ал Әсел бойжеткен сайын көшеге еркін шығуға қысылатынын айтты. 

Әселге көмек қолын созған Дана есімді визажист оған әдемі макияж жасап, көңілін көтергенін айтты.

“Әселмен танысқаннан кейін оның өмірі күрт өзгерді. Ол өзіне сенімді бола бастады. Бояна бастады. Алматыға көшіп келгісі келеді. Алдағы уақытта визажист болып жұмыс істей бастайды. Мен оған сенемін. Ол өте батыл қыз. Мақсатына берік, талантты қыз. Мақтау мен қолдауға лайық”, – деп жазды визажист парақшасында.

Желі қолданушылары қолдау білдіріп, мақтауын асырды. 

“Өте әдемі, қолыңызға күш-қуат берсін”, “Күйгені білінбей қалыпты”, “Өзі де визажист болса, өзіне осылай макияж жасап алар еді”, “Шын қуанып отырмын, жақсы болған екен”, “Қыз балаға ауыр ғой, бәріміз қолдайықшы”,  – деп жазды желідегілер. 


"Жыласа, көзінен қан ағады": Алып қашудың құрбаны болған әйел қызының дертіне көмек сұрайды

Талқылау