Конституцияға енгізілген өзгерістер күшіне енді
Орталық референдум комиссиясы мемлекеттік БАҚ-та референдумның қорытындылары туралы ресми хабарлама жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Негізгі өзгерістер:
- Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді.
- Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.
- Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ.
- Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады.
- Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ.
- Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады.
- Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады.
- Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді.
- Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді