Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонаев қаласы мен Іле, Талғар аудандарының жерлері жаңа Алатау қаласына беріледі

Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының "Алатау қаласының шекарасын белгілеу туралы" бірлескен шешімі дайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото ашық дереккөзден

Шешімге сәйкес, Қонаев қаласының, Іле, Талғар аудандарының жерлері жаңа қаланың аумағына беріледі. 

"Алатау қаласының шекарасы, оның шекарасына Қонаев қаласы, Іле және Талғар аудандары жерлерінің жалпы көлемі 88267,0086 гектар бөліктерін қосу арқылы белгіленсін", – делінген құжатта. 


Алматы облысында құрылатын жаңа қалада екі миллион адам тұратын болады


Атап айтқанда, Алатау қаласының шекарасына Қонаев қаласының 10937,0052 гектар жері, Іле ауданының 65213,0004 гектар, Талғар ауданының 12117,003 гектар жері кірмек.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды және 23 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады. 

Еске салсақ, бұған дейін президенттің Алматы облысында жаңа қала құру туралы бұйрыққа қол қойғаны туралы жазған едік. 

Талқылау