Қолтырауындар өзенге құлап кеткен итті құтқарып қалды
Қолтырауындар тобы өзенге құлап кеткен итті жағаға шығаруға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Journal of Threatened Taxa ғылыми басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Journal of Threatened Taxa
Үндістанда бір топ иттен қашқан қаңғыбас ит Савитри өзеніне секіріп кеткен. Алайда жануар одан да үлкен қауіпке тап болғанын сезбеді. Өйткені бірнеше үлкен қолтырауын ит түскен жерде шоғырланып тұрған. Бауырымен жорғалаушылар итке шабуыл жасамай, керісінше оны тұмсығымен жағаға шығарған. Нәтижесінде олар итті судан аман алып қалды.
Оқиға куәгері болған ғалымдар қолтырауындарға зерттеу жүргізіп, оларда эмоционалдық интеллект дамыған деген тұжырымға келді.
Үнділік қолтырауындардың ұзындығы бес жарым метр және салмағы 450 келіге дейін жетеді.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті