Көліктің терезесіне қысылып қалды: 2 жасар қыз анасын өлтіріп қойды
Беларуссияда екі жасар қыз анасын кездейсоқ өлтірді. Оқиға 6 қыркүйекте Старо Село ауылында болған.

Бұл туралы Брест облысы бойынша тергеу комитеті дирекциясының ресми өкілі Дмитрий Иванюк айтты.
20 жастағы әйел отбасымен демалып жатқан. Марқұмның күйеуі оны есінен танып, көліктің алдыңғы есігінің әйнегіне қысып тұрған күйінде тапты. Ер адам оны сындырып, жедел жәрдем шақырды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел екі жасар қызын көліктен ашық терезе арқылы шығармақ болады. Мүмкін сол кезде қыз бала терезесінің түймесін басқан болуы мүмкін. Анасы терезеге қысылып қалған», - деді Иванюк.
Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Жас босанған әйел екі нәрестені перзентхананың терезесінен лақтырып жіберген >>>
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген