Көліктің терезесін сындырған: Алматы облысында екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, соңы төбелеске ұласқан (видео)
Алматы облысында екі жүргізуші жол бөлісе алмай, жаға ұст. Жұдырық ала жүгірген ер адамның әрекеті әлеуметтік желіде таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейнероликтен скриншот
Жүргізушілердің бірі екінші адамның көлігіне секіріп, терезесін сындырған. Жұдырығымен ұрып, оны өлтіремін деп қорқытыпты. Бұл кезде көлікте жүргізушіден басқа әйел мен бала болған.
Бейнежазба авторы олардың қазір ауруханада екенін жазды.
Оқиға 28 маусымда Алматы облысындағы Алматы-Бішкек тас жолында болған.
" Жамбыл аудандық полиция бөліміне көлікті бұзақылықпен бұзғаны айтылады. Бұл факт ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша аудандық полицияның ЕҚДБ-да тіркелген. Күдікті азамат 1993 жылғы екені анықталды", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктінің көлігі Ұзынағаш ауылының арнайы айып тұрағына қамалды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген