Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлікті газға ауыстыруға кеңес бермейміз – Энергетика министрі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы автогаз жағдайына түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

газ

Энергетика министрі сұйытылған мұнай газын тұтыну жоспарланған көлемнен асып түскенін айтты.

"Жыл басында ішкі нарыққа 124 мың тонна көлемінде сұйытылған мұнай газын өндіру және жеткізу жоспарланған. Іс жүзінде қазан айына дейін тұтыну 144 мың тоннаға жетті, бұл жоспардан 20 мыңға жоғары. Жеткізуді қамтамасыз ету үшін ТШО компаниясымен күрделі келіссөздер жүргізуге тура келді", – деді Сәтқалиев.

Министр сұйытылған мұнай газының бағасы нарықтық емес, керісінше шығыны бар және өндірісті төмендететінін айтты.

"Қазақстанда бұл ұзақ уақыт сақталмайды. Автокөлікті сұйытылған мұнай газына ауыстыруға кеңес бермейміз, өйткені бағаның өсуіне кепілдік беріледі", – деді ол.

Сәтқалиев министрлік бағаның күрт өсуіне жол бермейтінін, бірақ егер экспорт тапшылығы туындаса, автогаз бағасы экспорттық бағаларға сәйкес болатынын түсіндірді.

Талқылау