Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жалған техникалық байқаудан өткізетін операторларға айыппұл мөлшері 517 мың теңгеге дейін өседі

Қазақстанда жалған техникалық байқаулардың күшін жоюдың заңнамалық тетігі әзірленді. Үкімет отырысында көлік министрінің міндетін атқарушы Талғат Ластаев  осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жыл басынан бері Қазақстанда 350 жосықсыз техникалық байқау операторларының қызметі тоқтатылып, 131 әкімшілік құжатқа айыппұл салынған. 

"Көлік құралынсыз тексеріс жүргізгені үшін тексеру операторларына салынатын айыппұлды 10-нан 150 АЕК-ке (517 500 теңге) дейін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жалған техникалық байқаудан өткені үшін көлік құралдары иелеріне және "Техникалық байқау" АҚЖ операторына айыппұл салынады. "ҰАТ" АҚ тұлғасында техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар енгізіледі. Айыппұл сәйкесінше 5 және 150 АЕК құрайды", – деді Талғат Ластаев.

Оның айтуынша, "Техникалық байқау" жүйесінде жалған техникалық байқауларды жою туралы заңнамалық норма қарастырылған.

Өткен жылдың ақпан айында премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында операторларға көлік құралынсыз техникалық байқау жүргізгені үшін тізілімнен алып тастау және үш жылға дейін қызметке тыйым салынатынын, сондай-ақ 300 АЕК-ке дейін айыппұл көзделгенін мәлімдеген еді.

 

 

Талқылау