Перзентханадан қайтар жолда апатқа ұшыраған: Шымкентте екі көліктің соғысуынан бір адам көз жұмды
Шымкентте екі автокөлік соғысып, әйел адам көз жұмды. Тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Зардап шеккендердің арасында жаңа туған сәби де бар. Жол апаты перзентханадан қайтар жолда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.

Көліктердің бірінде жаңа туған сәбидің болғаны анықталды. Отбасы перзентханадан үйге қайтып бара жатқан. Бес адам №1 қалалық емханаға жатқызылды.
Медициналық мекеменің хабарлауынша, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.
"Кеше жол апатынан зардап шеккен 6 адам келіп түсті. 1 адам көз жұмды, қалғандары жеңіл жарақат алған. Оларға көмек көрсетіп, үйлеріне қайтардық. Бағымызға орай, сәбидің жағдайы жақсы", – деді травматолог-ортопед Асхат Абдумауленов.
Жол апаты фактісі бойынша тексеріс жүруде. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен