"Қолдауларыңыздың арқасы": Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды
Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Мөлдір Әуелбекова 2019 жылдың 29-сәуірінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлының бұйрығымен шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды. Бұл жайлы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Апта жақсы жаңалықпен бастау алды! Әр жетістігім сіздердің қолдауларыңыздың арқасы! Рахмет!" деп жазды әнші.
"Қазақконцерттің" эстрадалық топтарына жетекшілік етіп жүрген әншінің тыңдармандары өнер иесін жаңа қызметімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.
Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова Мəдениет жəне өнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн 2018 жылы "Құрмет" орденінің иегері атанған.
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді