Бастапқы жарна 20% болатын, 4% мөлшерлемедегі автонесиелеу бағдарламасының шарттары жарияланды
12 ақпанда JAC ресми дилерлерінде жеңілдетілген автонесие бағдарламасы басталды.
Автокөлікті сатып алу кезінде бастапқы жарна 20%-ды, несиелік мөлшерлеме 4%-ды құрайды. Бағдарлама бойынша несиелеу мерзімі 7 жылға дейін, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 4.1%-ды құрайды.
10% бастапқы жарна құйған кезде 7 жылға дейінгі мерзімге 7.5% мөлшерлемемен аласыз, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 7.7% болады.
Несиелеу бағдарламасына Maserati дизайнері Даниэль Галлоне әзірлеген брендтің ең танымал моделі – JAC J7 лифтбегі, сондай-ақ жүру қабілеті 1 миллион шақырымнан асатын, сенімділігімен танымал JAC S3 Pro кроссовері кіреді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, JAC отандық нарықтағы ең көп сатылатын брендтер тізімінде бесінші орынға ие болды.
Еске салсақ, JAC Қазақстан нарығындағы қытайлық алғашқы автоөндіруші. Ол елімізде Allur автомобиль компаниясымен ұсынылған. Бұл автокөліктер Қостанай қаласындағы зауытта жинақталады.
Айта кетейік JAC J7 былтыр ең көп сатылған модельдер тізімінде сегізінші орында болды.
Несиеге өтінім автосалон арқылы беріледі.
Шарттарды толығырақ 757 нөмірі бойынша білуге болады.