Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоқыс жәшігінен басы кесілген әйелдің денесі табылды

Қырғызстанның Ош қаласында қоқыс салатын жәшіктен басы кесілген адамның денесі табылды.

020920171555555

Шамамен 40-50 жастағы әйелдің өлі денесін қоқыс шығаратын кәсіпорын қызметкерлері көріп, полицияға хабар берген, деп жазады Кабар. Ош қалалық ішкі істер қызметкерлерінің хабарлауынша, жауыздықпен өлтірілген 51 жастағы әйелдің өліміне, оның 25 жастағы келіні мен келіннің апайы күдікті ретінде ұсталған. 25 жастағы келіншектің полиция бөлімшесіне берген түсініктемесінде ол мұндай әрекетке отбасын сақтау үшін барған. Ол енесінің өзін ұлына ешқашанда тең көрмегендігін айтқан.

Тергеу барысында 26 тамыз күні шамамен сағат 7-лер шамасында күдікті әйелдің күйеуі жұмысқа кеткеннен кейін, ене мен келін арасында жанжал туған. Ашуға булыққан жас келіншек таспен енсінің басынан бір қойып, өлтіріп алған. Енесін өлтіріп алған әйел өзінің апайына шындықты айтқан. Әпкесі келгеннен кейін ол енесінің өлі денесін бөлшектеп, үлкен сөмкеге салып, қаланың басқа жағындағы қоқыс жәшігіне апарып тастағандығы анықталды. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Меруерт Түсіпбаева: Жұбайын жасыратын жігіттерден жиіркенемін

Әбдіжаппар Әлқожа көше кезіп жүрген 8 баланың анасына көмектесуге шақырды (видео)

Ерке Есмаханның клипі 20 миллион рет қаралып, тағы да рекорд орнатты

Арман Сқабылұлы: Министрді қаратқан Баян мықты екен

Талқылау