Көкшетаулық әйел қызғаныштан сүйіктісін пышақтап тастаған
Көкшетауда 48 жастағы әйел азаматтық некедегі ер азаматын пышақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға туралы құқық қорғау органдарына алғашқы көмек көрсеткен жедел жәрдем станциясының қызметкерлері хабарлаған.
Тергеуде 38 жастағы ер азаматқа сүйіктісі қызғаныштан пышақ жарақатын салғаны анықталды. Сондай-ақ, қылмыс жасаған кезде әйел орташа дәрежеде мас күйде болған.
Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта ер адам ауруханада жатыр, ал “қызғаншақ” әйел тергеу кезеңінде қамауға алынды.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қарағандыда орман алқабынан әйел мәйіті табылған еді.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге