Орал колледжінде студент қатарласына пышақ сұғып алды
Орал жоғары агро-техникалық колледжінің студенттері арасында қақтығыс туындады. Білімгерлердің бірі екіншісіне пышақ сұғып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдемге сағат 11:27-де ақпарат келіп түскен.
"Білектен пышақ жарақатын алған 15 жастағы жасөспірім облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Таңу жасалғаннан кейін оны амбулаторлық бақылауға жіберді", - деп хабарланды ведомстводан.
Ал БҚО полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікірді кейінірек беретінін хабарлады. Учаскелік полицей болса колледж студенттерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оқу ордасының директоры іссапарда болса, оның орынбасарлары болған оқиғаға қатысты пікір білдіре алмады.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"